«Алатау» әлеуметтік қызмет орталығында» азаматтық қорғау бойынша оқу сабағы өткізілді
Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «Алатау» орталығының қызметкерлерімен және әлеуметтік қызмет алушыларымен «Жер сілкінісі болған жағдайда қалай әрекет ету керек» тақырыбында сабақ өткізді.
Тренинг барысында сабақтың практикалық жағына ерекше көңіл бөлінді. Жер сілкінісі кезіндегі нақты жағдай және персоналдың, сондай-ақ ерекше назар аударатын және психоневрологиялық қажеттіліктері бар әлеуметтік қызметтерді алушылардың іс-қимыл тәртібі модельденген. Орталық үй-жайларындағы ең қауіпсіз орындар нақты көрсетілді.
Сабақ қорытындысы бойынша, сейсмикалық қауіпсіздік мақсатында ТЖД қызметкерлерімен ғимаратта құрылымдық емес сейсмикалық күшейтуді жүргізу, атап айтқанда бекіту материалдарын пайдалану арқылы қабырғаларға габаритті жиһазды бекіту жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Іс-шараға барлығы 30 адам қатысты.